Еттен бас тартқан әйелдің шашы түсіп қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлыбритания тұрғыны ет жемегені үшін шашынан айырылып қалды. Шашы түсіп қана қоймай, әйел көп ұйықтайтын халге жетті. 

Еттен бас тартқан әйелдің шашы түсіп қалды

Музыкант Джессика Дрю былтырғы сәуір айынан бастап еттен бас тартқанын айтады. 

«Таныстарымның бәрі осылай жасай бастады. Сүтті тағамдарда кқөптен бері жемеймін. Осылайша еттен де бас тартам деп ойладым», — дейді ол. 

Бастапқөыда өзін жеңіл сезінгенімен ақырындап шашының түсе бастағанын байқайды. Өз жасынан кәрі көріне бастайды. 

Сонда да етті жемей қойған екен. Шаштың түсуіне ақуыз бен кератиннің жетіспеуі себеп болуы мүмкін. Себебі шаш пен тырнақ содан тұрады. Ақуыздар еттен бөлек балықта, сояда, бұршаө пен жасымықта болады. 

Енді Дрю осы тағамдардды жеп, шашын қалпына келтірмек. 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz