Назарбаев Наурыз мейрамына алтын түстес шапан мен бөрік киіп келді – фото

0

Назарбаев пен Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Бүгін елордадағы «ЭКСПО» кешені алаңындаңы этноауылда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен жаңа басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін қазақстандықтар үшін Наурыз мейрамы ерекше. Ел халқы Ұлыстың ұлы күнін Қазақстанның жаңа президентімен қарсы алып жатыр. Елорданың ЭКСПО кешені аумағындағы этноауылға жиналған халық қарасы қалың. Тұрғындар мен қала қонақтарын көктем мерекесімен құттықтауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

Тұңғыш президент пен жаңа президентті жиналған жұрт зор ықыласпен қарсы алды. Танымал әнші Роза Рымбаева әннен шашу шашты.

  • Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған халықтық серуен

    Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған халықтық серуен


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Адамдар Наурыз мерекесінде бір-бірін құшақтап, құттықтады

    Адамдар Наурыз мерекесінде бір-бірін құшақтап, құттықтады


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Танымал әнші Роза Рымбаева Наурыз меркесінде ән салып тұр

    Танымал әнші Роза Рымбаева Наурыз меркесінде ән салып тұр


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Наурыз күні үйленген жас жұбайларға бата берді

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Наурыз күні үйленген жас жұбайларға бата берді


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған халықтық серуен

    Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған халықтық серуен


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған халықтық серуен

    Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған халықтық серуен


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Әртістер Наурыз мерекесінің басталуын күтіп тұр

    Әртістер Наурыз мерекесінің басталуын күтіп тұр


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған халықтық серуен

    Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған халықтық серуен


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

1 / 8


©
Sputnik / Владислав Воднев

Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған халықтық серуен

Елбасы Наурыз мейрамына алтын түстес шапан мен бөрік киіп келген.  Назарбаев пен Тоқаев этноауылды аралап, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Сонымен қатар, олармен бірге президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, премьер-министр Асқар Мамин, министрлер де келді.



sputniknews.kz