Ернар Айдар: «Лотерея ақшаларыңызды қайтармаймын, мен тек жарнама жасадым»

0
1
Ернар Айдар
Ернар Айдар

Ернар Айдар жалған ұтыс ойынын ойнатам деп басы дауға қалды. Сот ісі әлі аяқталған жоқ. Әнші өзінің де алданғанын айтып талай рет ақталды. Желіде тағыда жазба жариялап, тергеу жүріп жатқанын баяндады.

«Жалған ұтыс ойынына алданып қалған ағайын! Дәл сіздер секілді мен де алдандым. Мен сіздердің билет ақшаларыңызды алған жоқпын. Ол ақша Оспанов Азат, Темірбек Ернардың қалтасына кетті. Мен тек жарнама жасадым. Жарнама үшін алған ақшаңнан қайтар дегендер бар. Мен ол ақшамен бәрін шеше алмаймын. Бәрін тергеу шешеді. Алла бәрін көріп тұр. Мен мұның жалған ойын екенін білген жоқпын. Ешқандай арам ойым болған емес. Оған Алла куә», – деді әнші парақшасында.

Ернар Айдар жарнамадан түскен ақшаны қайтаруға сот міндеттесе, қайтаруға дайын екенін айтты. Тіпті міндеттемесе де, қайырымдылыққа жұмсауға дайын.


Оқушылар ІІ-тоқсаннан бастап сабақты мектепте оқиды


«Жарнамадан түскен қаражат барлық шығынды өтей алмайды. Бірақ ол ақшаны қайырымдылыққа жұмсауға дайынмын. Отбасыммен жария етпей-ақ садақа жасап жүрміз. Тағы айтамын. Мен үшін алданып қалған ағайыннан өтініп, өкініп кешірім сұраймын. Мен ешқайда қашып кеткен жоқпын. Куәгер ретінде жауап беріп жүрмін. Әлі тергеу жүріп жатыр. Сондықтан себепсіз қарғыс айтпауларыңызды сұраймын. Мен де пендемін. Мен қателестім, сүріндім. Осылай өмір сүруді үйренермін. Тергеу нәтижесін күйтейік», – деді Ернар Айдар.

Айта кетейік, Ернар Айдар көктем айында жалған ұтыс ұйымдастырды деп айыпталды. Ұтысқа қатысушылар әншіге ауыр сөздер айтып, алаяқтық жасады деп шулады. Әнші өзінің алданғанын айтып ақталды.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз