Оқушылар ІІ-тоқсаннан бастап сабақты мектепте оқиды

1
299

Алматы қалалық білім басқармасы эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда мектеп оқушылары қалай білім алатындығын айтты.

«Халықтың аурушаңдық деңгейінің тұрақты төмендеуі кезінде мектептердің дәстүрлі білім беру форматына біртіндеп көшу мәселесі қарастырылатын болады. Санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бірінші кезең 1-4 сынып оқушылары, екінші кезеңде 5-11 сынып оқушылары штаттық режимдегі оқу салтына ауыстырылады. Бұл шешім Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп қабылданады», – деді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

zakon.kz