Ермек Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды

0
5

Саясат

Қысқа сілтеме алу

192 0 0

Ермек Көшербаев Иманғали Тасмағамбетов зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Өмірбаяны

Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1993 жылы КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдары Қазақстан президенті әкімшілігі,  үкіметте, сыртқы істер министрлігінде, «Нұр Отан» партиясында, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да жұмыс істеді. «Ертіс» ӘКК» ҰҚ басқарма төрағасы болды. Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың 1 желтоқсанынан бүгінге дейін – Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары.



sputniknews.kz