Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлетке басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевтің Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

«Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылып,  Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне қызметіне тағайындалды», — делінген ресми хабарламада. 

Бұған қоса президент Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Бәриұлы Иманбаев ҚР-дың Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне және Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлық шығарды. 

 

stan.kz