Ерке Есмахан операциядан кейінгі жағдайы туралы айтты

0

Ерке Есмахан операциядан кейін үйіне оралғанын жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Әншінің айтуынша, ота сәтті жасалған. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды.

«Ота жасату керек» дегенді дәрігерлерден естігенде, бірінші ойыма Муслим түсті. Сол баламды асыраймын деп шауып жүргенімде, қызығын көре алмай қаламын ба деген жаман ой келді.

Қорыққанға қос көрінеді демекші, қорыққан сәтте небір ой болады екен.

Алла мейірімді ғой, ота сәтті жасалды. Шүкір! Сіздердің дұғаларыңыз қабыл болды.

Рамазан айында еселеп қайтсын деп сұраймын. Алла баршаңызға денсаулық берсін, ауызбіршілік, молшылық, береке берсін. Сәби аңсап жүргендерге сәби берсін! Үйлі, күйлі болыңыздар!

Маған ауырған жараспайды екен. Енді ауырмайтын жол іздеу керек», — деп жазды әнші.