Домой Жаңалықтар «Темекі шегуді, ұрысуды азайттым»: Байзақова ораза ұстағаны туралы айтты

«Темекі шегуді, ұрысуды азайттым»: Байзақова ораза ұстағаны туралы айтты

0
22
Фото mail.kz сайтынан алынды

Блогер Айжан Байзақова ораза ұстағаны туралы Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады kznews.kz сайты.

«Бұл өмірімдегі төзімділікке деген ең мықты тексеріс болды. Өйткені менің қалыпты өмір сүру дағдымды сіздер білесіздер. Мен өзім үшін ештеңеден бас тартпайтын жанмын. Ораза ұстағалы бері темекі шегуді және ұрысуды азайттым. Ең бастысы, шабыт беретін толқын ұстап алғандаймын. Басым идеяға толды. Әрекет етуге, ойымдағының бәрін іске асыруға деген қалауым мықты болып тұр. Бұл ойлар жеке өміріме, блогыма және жылдық жоспарыма қатысты. Осы өзгерістерді сезінгеннен кейін ғана сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Жыл бойы осындай болып қалсақ екен деген тілегім бар», – деді блогер.