Бауыржан Байбектің қайда екені белгілі болды

0

Шетел асқаны туралы желіде ақпарат тараған Бауыржан Байбектің «Умра» қажылығын жасап, Меккеде жүргені белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Қажылық сапарды ұйымдастырушы компаниялардың бірі «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің анасымен бірге «Қасиетті қағбаның» маңында түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады.

«Қасиетті Рамазан айында Бауыржан Байбек ағамыз анасымен Умра қажылығын жасады. Елімізге, жерімізге жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!» – делінген жазба мәтінінде.