Ер азамат үйін жинап, кенеттен миллионер атанып кетті

0
296

Флорида штатының Джексонвилл қаласының тұрғыны үйін жазалып, миллионер атанды.

38 жастағы Джеймс Киндер бірнеше лотерея билеттерін сатып алып, оларды каминге (үйдегі печ – ред.) қойғанын айтады. Киндер билеттерді бірнеше аптадан кейін, үй тазалап жүріп есіне түсіреді. Ер адам билеттердің саны жазылған қорғаныс қабатын өшіріп, миллион доллар ұтысқа ие болғанын біледі.

«Ертерек тауып алмағынам өкінемін», – дейді Киндер. Ол барлық ұтысты бір уақытта алуды жөн санап, салық төлегеннен кейін 790 мың доллар алды.

Киндер лотерея билетін сатып алған дүкен екі мың долларлық бонуспен марапатталды.

stan.kz