Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді

0

Қазақстанның Польшадағы елшілігі Қазақстан азаматының туыстарымен байланыс орнатып, марқұмның денесін елге қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр

Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе-Любельске қаласында болды.

«2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Қазір Қазақстанның Польшадағы елшілігі Қазақстан азаматының туыстарымен байланыс орнатып, марқұмның денесін елге қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.