Енді колледжде тегін білім алуға болады

0
158

Қазақстанда 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен балалар үшін оқу тегін болады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мұндай жоспар туралы бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Бірақ ол тегін оқудың нақты қашан енгізілетінін айтпады:

– Колледждерде оқуға ниет білдірген 9-шы сынып түлектерін 100 пайызға тегін оқумен қамту жоспарлануда. Жыл сайын 9-шы сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарына байланысты колледждерді оқуын бітірместен тастап кететін жағдайлар да жоқ емес. Сондықтан жастардың, оның ішінде әсіресе аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-шы сынып түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалатын болады, деді ол.