Еңбек министрі Мадина Әбілқасымова қызметінен кетті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

959 0 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова қызметінен кетті

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылсын», — деп жазылған президенттің жарлығында.

Бұған дейін министрлікті Мадина Әбілқасымова басқарған еді. Ал Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған болатын.



sputniknews.kz