Елорданың карантиндік аймағынан тыс жерде балық аулауға бармақ болған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды — Қазақстан жаңалықтары
Елорданың карантиндік аймағынан тыс жерде балық аулауға баруға тырысқан жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция басқармасының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
6 сәуірде полицейлер мен еріктілерден тұратын Нұр-Сұлтан ПД мобильді жедел іздестіру топтары Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісін эвакуациялады, ол Нұра өзені арқылы қаланың карантиндік аумағынан өткісі келді. Бөгеттің қақпалары ашық болғандықтан, су бір жарым метрге көтеріліп, көлік өзендегі аралда тұрып қалған.
Полицейлер мен еріктілер көліктерге бекітілген сымдардың көмегімен жүргізушінің өмірін сақтап, көлікті судан шығарып алды. Кейін карантинді бұзушы түсіндіргендей, ол өзенге балық аулауға барған, сөйтіп тұзаққа түсіп қалған.
«Мен полициямен бірге халыққа көмек көрсететін еріктілердің рөлін ерекше атап өткім келеді. Төтенше жағдай басталғаннан бері олар жол бойындағы тосқауылдар мен қаланы күзетіп, денсаулығына қауіп төндіріп келеді. Олардың әрқайсысы белсенді азаматтық ұстанымды көрсетті және бізбен жұмыс жасауды өзінің міндеті деп санайды. Әсіресе, полицияға тәуліктің кез келген уақытында қолдау көрсететін «Астана авто клуб альянсы» қозғалысының еріктілері туралы айтқым келеді», — деді елордалық полиция бастығы Ержан Сәденов.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен, Mercedes Benz Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі ҚР ТЖК «Төтенше жағдайды бұзу» бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алынды.
stan.kz