Біртанов Алматыдағы аурухана басшылығының қатесін айтып, дәрігерлердің жалақысын арттыруды сұрады — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімі дәрігерлерінің еңбекақысына қатысты өтініштеріне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Кінәлілер жазалануы тиіс»: Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған 6 жасар қыз туралы

Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимылмен айналысатын дәрігерлердің төлемдерін реттейтін бұйрығын түсіндіруде қате жібергенін мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, инфекциялық стационарлардың барлық дәрігерлері, медбикелері мен кіші медициналық қызметкерлері жалақыға тиісті үстеме ақы төленетін 1-ші санатқа жатады.

«Басқарма басшылығы мен клиникалардан ертең таңертең қатені жойып, бекітілген бұйрыққа сәйкес қосымша ақы төлеуді сұраймын! МӘСҚ басшылығынан бақылауды және ертең орындалуы туралы баяндауды сұраймын! Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын, Фейсбукке қолым енді жетіп, әріптестерімнің үндеуін оқып шықтым», — деп жазды Елжан Біртанов.
 

stan.kz