Алматыда қалтасынан граната табылған ер адам ұсталды – Қазақстан жаңалықтары

0
99

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары Алматы көшелерін күзету барысында өзімен бірге гранатаны алып жүрген белгісіз ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

граната

Оқиға Төле би – Сайын көшелерінің аумағында болған.

Әскери қызметшілер Е.Болат пен А.Смайылдың айтуы бойынша, бір жігіт оларға жүгініп, белгісіз екі адамды көрсетіп, олардың біреуінің қолынан гранатаны көргенін мәлімдеген.

Әскери қызметкерлер аталған адамдарға жүгініп, құжаттарын көрсетуді өтінген, алайда олар қашуға тырысқан. Дегенмен, көп ұзамай курсанттар белгісіз адамдарды ұстаған.

«Олардың біреуінің қалтасында бір нәрсе бар еді. Кенеттен ол ішіндегісін шығарып, жерге лақтырып жіберді. Мен гранатаның корпусын байқадым, гранатаның тұтандырғышын басқа қалтасынан шығарып, қолында ұстап тұрды. Бұл граната қолдануға дайын емес деген сөз», – деді курсант Ерсұлтан Болат.

Ұсталған адамдар полицияға тапсырылып, гранатаны сараптамаға жіберді.

Кейін анықталғандай, күдіктілердің бірі бұрын ұрлық және тонау үшін сотты болған. Оның гранатаны қайдан алып, қалай пайдалануды жоспарлағанын құқық қорғау органдары анықтайды.

stan.kz