Елге қарсы шпиондықпен айналысқан Марат Шайхутдинов тергеліп жатыр

0

Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновке мемлекеттік құпияларды үшінші елдің пайдасына беру мен шпиондық бойынша айып тағылып жатыр.

Биыл 28 наурызда қызметінен кеткен ол қазір күзет арқылы бақылауға алынған. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұл оқиға туралы бұған дейін белгілі журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлаған болатын.

«Наурыз айының ортасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті 175-бап бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеп, бірден екі айыпталушыны анықтады. Олар бір қарағанда қарапайым ғалымдар, талдаушылар сияқты», — деді журналист.