Алматы марафонының қатысушысы мәреге жеткен бойда жан тапсырды

0
238

Бүгін «Алматы марафонының» қатысушысы, 47 жастағы Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткен бойда қайтыс болды. Ол осы жарысқа қатысу үшін Астанадан арнайы барған, делінген «Алматы марафоны» ресми сайтының хабарламасында.

Оқиға таңғы сағат 09:35 кезінде болған. Рүстем 10 шақырым қашықтыққа жүгірген. Тіркелу кезінде ол 8743 деген нөмір алған, – деді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.

Мәреде кезекшілікте болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Сақовтың айтуынша, «қатысушы Республика алаңында мәре сызығын әрең кесіп өтіп, бірнеше метр жүрген бойда құлаған».

Біз оған дереу көмек көрсете бастадық. «Қазақстан қызыл ай» еріктілері алғашқы көмек көрсетті. Одан соң қалалық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерімен бірге жүрек-өкпе реанимациясы жасалды. Алғашында жүректің соғуын қалпына келтіре алдық. Арада 2 минут өткенде жүрек қайта тоқтады. Жан сақтау шаралары 30 минуттай жалғасты. Оның соңғы 10  минуты жедел жәрдем көлігінің ішінде жасалды. Ақырында сағат 10:15-те кісі өлімі тіркелді. Ресми себебі тек сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін айтуға болады, деді Оразбек Сақов.

Марқұмның туыстарының айтуынша, оның жүгіру жарыстарына қатысып тұрғаны бірінші рет емес. Сәуір айында да Алматы жартылай марафонында жүгірген, 2021 жылы да Алматы марафонында дәл осындай 10 шақырым қашықтыққа жүргірген екен.

Жарыс ұйымдастырушылары марқұмның туыстарына көңіл айтып, денесін Астанаға жеткізуге қаржылай көмек көрсететіндерін жеткізді.