Елена Рыбакина Дубайдағы турнирдің алдында жарыс жолынан шығып кетті

0

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина бүгін үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек еді.

 

Алайда қазақстандық теннисші арқа жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, К.Гауфф ойнамастан ширек финалға өтті.

Е.Рыбакина сондай-ақ ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сындағы матчтан сырт қалды. Енді қазақстандық теннисші наурыз айында АҚШ-та өтетін мастерс жарыстарында бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубайда АҚШ чемпионын ұтқанын хабарлаған болатынбыз.