Елде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келеді – Мамин 

0

Елімізде барлығы 4 121 адамда коронавирус расталды. 1 173 науқас дертінен айықты, 29 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Байқап отырғанымыздай, елімізде коронавирустың таралуына қатысты жағдай тұрақталып келеді. Осы үдерісті сақтау керек», – деді Мамин үкімет отырысында. 

Айтуынша, бұл карантиндік шараларды одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

5 мамыр 10:00-дегі жағдай бойынша елімізде барлығы 4 121 адамда коронавирус расталды. 

Алматы қаласы – 1 335, Нұр-Сұлтан қаласы – 723, Қызылорда облысы – 216, Шымкент қаласы – 215, Атырау облысы – 202, БҚО – 198, Ақтөбе облысы – 160, Қарағанды облысы – 159, Жамбыл облысы – 158, Алматы облысы – 156, Түркістан облысы – 154, Павлодар облысы – 150, Ақмола облысы – 101, Маңғыстау облысы – 84, Қостанай облысы – 50, СҚО – 30, ШҚО – 30.

1 173 науқас дертінен айықты, 29 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз