Екібастұзда елдің көзінше 60 жастағы ер адамды атып кеткен күдікті ұсталды

0

Екібастұзда 60 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«2021 жылғы 23 ақпанда сағат 08.00-08.10-да Екібастұз қаласы Сәтпаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамды мылтықпен атқан. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады», — дейді өңірлік полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Оқиғаның мән-жайы мен қылмыстың не себепті жасалғаны анықталуда. Күдікті Екібастұз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыс жасалған қару тәркіленген.

Қылмыстық-атқару кодексінің 201 бабына сәйкес басқа ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Еске сала кетсек, Екібастұзда болған қанды оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған еді. Видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Сонымен қатар бұған дейін Алматыдағы дүкендердің бірінде атыс болғанын жазған едік.

Бұл туралы Facebook қолданушысы Максим Косарев хабарлады. Оның сөзінше, мекеменің клиенті мен сатушысы арасындағы жанжал соңы атысқа ұласқан болуы мүмкін. Аталған дерекке байланысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.