Екі сәбиін сатқан: Алматыда туған баласын саудалағандар жайлы жаңа деректер айтылды

0

Алматылық полицейлер Өзбекстаннан келіп, екі бірдей баласын сатып үлгерген ерлі-зайыптыны ұстады.

Полицияның мәліметінше, 2020 жылдың қараша айында ерлі-зайыптылар жаңа туған баласын Жамбыл облысының тұрғынына сатқан. Үш айдан кейін бала денсаулығына байланысты көз жұмған.

“Осы жұп 2019 жылы дәл осындай тәсілмен бірінші балаларынан құтылғаны белгілі болды», — дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген. Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды.

«Алматы полиция департаменті бұл фактіні «кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліме тіркеді. Ерлі-зайыптыларға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр», — дейді департаменттен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда туған баласын сатқан өзбекстандық азаматтар ұсталғаны айтылған еді.