Домой Жаңалықтар «Екі айлық алып отырған»: Қонаевты тергеген қазақ шындықты айтты

«Екі айлық алып отырған»: Қонаевты тергеген қазақ шындықты айтты

0
2006

Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың тергеуіне қатысқан Мейірхан Мейірманқұлов біртуар тұлға туралы ел естімеген шындықты айтты, деп хабарлайды exk.kz.

40 жыл тергеуші болып жұмыс істеген Мейірхан Мейірманқұлов бұл туралы Youtube-тегі «Тиек» бағдарламасында айтты. Онда ол атышулы қылмыстарды қалай ашқанын және саяси тұлғаларға қатысты тергеу жұмыстарының қалай жүргізілгенін баяндайды.

Соның ішіндегі ең елеулісі — Дінмұхамед Қонаевқа қатысты қозғалған іс. Мейірхан Мейірманқұловтың айтуынша, Қонаевтың үстінен арыз жазған өзінің шәкірті екен.

«Шәкіртінің өзінің ұстаздарына қарай шапқан кездері болды. Өзі тікелей шаппайды, айналасындағы адамдарға шаптыртып қояды. Мен соны байқадым. Әйтпесе, кейін Калининченконың өзі маған үйіме келіп тұрып Қонаев туралы айтты ғой,«мен мынандай таза істеген адамды өмірімде көрген емеспін» деп. Періште деп содан шықты ғой ол кісіні. Барлығына айтатыным, мен сол тергеуге Мәскеудің атынан қатыстым. Дінмұхамед Қонаев өмірінде көп жағдайда екі айлық алып отырған. Біреуі академия атынан, біреуі өзі басшы болып тұрғандағы айлығы. Академиядан алған айлығын балалар үйіне аударып отырған. Ол кісінің бір қасиеті — түбіртектердің барлығын жинап, қаттап отырады екен. Содан кейін бұл кісі еш уақытта біреуді жамандаған емес. Сыртынан қанша қаралап жатса да, «ит үреді, керуен көшед» деп жүре берген. Бірақ мен ол кісінің шәкірті «үреді» деп ойлаған жоқпын. Сол кездің өзінде мен жаман әсерде болдым», — деді Мейірхан Мейірманқұлов.