Әлеуметтік желіде хит болған жаңа әннің орындаушысы мектеп оқушысы болып шықты (видео)

0

Tiktok желісінде хитке айналған «Бәрі түзеліп келеді» әнінің орындаушысы мектеп оқушысы болып шықты. Кәусар Бекбосын «Қызық Live» бағдарламасында Шымкенттегі Тұран мектебінің 3-сынып оқушысы екенін айтты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Кәусар Бекбосынның дауысымен салған ән желіде таралып кетеді деп ойламаған. «Шымкентте Тұран мөлтек ауданында тұрамын. Тұран мектебінде оқимын. 3-сыныпқа өттім. Анам желіні ашып, қарап отырған кезде «Қызым қарашы, сенің дауысың хит болып жатыр» деп айтты. Мен ән жаздырғалы жатқанда, Бағлан ағайым осы әннің сөзін жаттауға тапсырды», — деді жас орындаушы.

Сонымен қатар әннің авторы Ерік Ахим Оңтүстік Кореядан тікелей байланысқа шығып, ән туралы толығырақ айтып берді.

Ерік Ахим айтуынша, бұл әнді шығаруға еліміздегі қаңтар оқиғасы түрткі болған. Ал ән сөзінің авторы елімізге танымал рэп орындаушысы Delacure ( Делакур ) болып шықты.