Егор Кридке домбыра сыйлаған қазақ баласы кім?

0
45

Қазақстандық Тимур Тян танымал ресейлік әнші Егор Кридке домбыра аспабын сыйлады. Крид 14 жастағы жерлесімізге «Голос.Дети» жобасында тәлімгерлік еткен, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Егор Кридтің тобында өнер көрсеткен Тимур шоудың финалына қатысу үшін арнайы Мәскеуге барды.

«Біздің команданы қолдау үшін ұшып келдім және біз жеңдік. Финалдан кейін Егор барлығымызды мейрамханаға шақырды, біз керемет уақыт өткіздік», — дейді Тимур Тян.
Жасөспірім жобаның аяқталуына орай тәлімгеріне қазақтың ұлттық аспабын сыйлады.

Айта кетейік, жобада 8 жасар Аделия Загребина жеңіске жетті. Ол Егор Кридтің тобында өнер көрсетті. Ал қазақстандық Сағын Өмірбайұлы финалға дейін жетіп, үшінші орын иеленді.

(Фото stan.kz)