Елімізде қанша бала бар – Ұлттық статистика бюросы жауап берді

0

Балаларды қорғау күні ұлттық статистика бюросы еліміздегі балаларға қатысты деректерді ұсынды. Бұл туралы Kznews. kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар саны – 6 841 527 адам. Оның 3,5 миллионы ұлдар болса, 3,3 миллионы қыздар. Балалардың басым бөлігі, яғни 59,7 пайызы қалада тұрады.

Елдегі 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі – 34,1%.

Өңірлер арасында балалардың ең көп үлесі Түркістан облысында байқалады, онда халықтың 43,3%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар. Одан кейінгі орында 41,9% – Маңғыстау облысы, 40,6% – Шымкент қаласы.