Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға байланысты шұғыл жиын өткізбек
Қысқа сілтеме алу
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа вирусқа байланысты шұғыл отырыс өткізбек
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Сәрсенбі күні Қытайда коронавирустың таралуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар комитетінің шұғыл жиналысы өтеді. Бұл туралы ұйымның ресми Twitter-аккаунты хабарлады.
«Комитет кездесуді сәрсенбі, 22 қаңтар күні Женевада өткізеді. Бұл жиын аурудың таралуы халықаралық масштабтағы қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай саналатын не саналмайтынын анықтау үшін өткізіледі», — делінген ақпаратта.
Былтырғы жылдың соңында Қытай халық республикасының билігі Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралғаны туралы хабарлаған болатын. Зерттеулердің алдын-ала нәтижелері бойынша, індет коронавирустың жаңа түрінен (2019-nCoV) пайда болған.
Тағы оқыңыз: Базарға бармаңыз! Қазақстандықтар қатерлі вирусты қайда жұқтыруы мүмкін?
20 қаңтардағы жағдай бойынша, белгісіз пневмония жұқтырғандар саны 218-ге жеткен, олардың басым көпшілігі – Уханьда, бесеуі – Бейжіңде, біреуі – Шанхайда, он төрті – Гуандун провинциясында тіркелген. Қазір вирус Қытайдың тыс жерде де тарап кеткен. Жұқтыру оиғалары Оңтүстік Корея, Жапония мен Таиландта тіркелген.
sputniknews.kz