Бұрынғы мәжіліс депутаты өмірден озды

0
8

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

43 0 0

Бұрынғы мәжіліс депутаты Қамал Бұрханов өмірден озды. Ол 2007 – 2011 жылдары төртінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Бұрынғы мәжіліс депутаты Қамал Бұрханов өмірден озды. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы жазды.

«Жалған өмір-ай. Ұстазым, досым, әріптесім Қамал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем колдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай, Қамал аға!», – деп жазды ол.

Қамал Бұрхановтың өмірлік жолы

Қамал Бұрханов 1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметік университетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, профессор.

Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің ғылым қызметкері, С.М. Киров атындағы ҚазМУ аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, профессор, оқу жұмысы жайындағы декан орынбасары, Тарих факультеті Саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазМУ деканы болды.

Бұрынғы мәжіліс депутаты Қамал Бұрханов

2004-2006 жылдар аралығында президент әкімшілігінің бас сарапшысы.

2007 – 2011 жылдары төртінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды.

Үйленген, екі баласы бар.



sputniknews.kz