«Қастер мен Мұрагердің» сотына жиналғандар үлкенірек зал беруді талап етті

0
71

21 қаңтарда таңертеңгі 10:00-де Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында «шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының ісі бойынша кезекті сот отырысы өтуі тиіс болған. Бірақ сот отырысы уақытында басталмады.

Сотқа өте көп адам жиналғандықтан жұрт шағын залға сыймады. Қазақстанның түрлі аймағынан келген белсенділер, азаматтар үлкенірек залды беруді талап етті. Шымкенттік белсенді Нұржан Мұхаммедұлы Facebook-та тікелей эфирде хабар таратып жатыр. Онда арнайы жасақ өкілдерінің жұртты сот ғимараты алдында ішке өткізбей тұрғаны көрінеді. Ғимарат сыртында шамамен ондаған адам тұр.

Журналист Индира Кәкімова сот залының ішінен тікелей эфирден хабар таратты:

Бұған қоса, жұрт «күтпеген жерден екінші адвокаттың пайда болғанына» наразылық білдірді.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq