Дугинаның өліміне кінәлі тағы бір күдікті табылды

0

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі «Ресей әлемінің» бас идеологы Александр Дугиннің қызы Дарья Дугинаның өліміне кінәлі тағы бір украин азаматын тапты.

Күдікті — Богдан Цыганенко, 1978 жылы туған, деп хабарлады rg.ru арнайы қызметтің қоғамдық байланыс орталығында.

ФСБ Цыганенко өзінің отандасы Наталья Вовкпен бірге Мәскеуде Дугинаның өлімін дайындады деп мәлімдейді.

Ресейлік арнайы қызметтің хабарлауынша, украиндық Ресей Федерациясына 30 шілдеде Эстония арқылы транзитпен келіп, қайғылы жағдайдан бір күн бұрын елден шығып кеткен.

«…Цыганенко қылмысты ұйымдастырушыларды жалған автокөлік нөмірлерімен және Қазақстанның нақты азаматы Юлия Зайконың атына жазылған құжаттармен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар ол Мәскеудің оңтүстік-батысындағы қоймада жарылғыш құрылғыны жинауға көмектескен», – дейді Ресей Федерациясының арнайы қызметі.