Украинадағы диаспора қазақстандықтарға видео түсірді

0

Украинадағы қазақ диаспорасы Жамбыл Жабаев ескерткіші алдында видео түсіріп, Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қазақстанның Украинадағы елшілігіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 30 тамызда Қазақстанда Конституция күні атап өтіліп жатыр. Осыған орай, Украинадағы қиын жағдайға қарамастан, Киевтегі қазақ диаспорасы «Нивки» саябағында орналасқан қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткіші жанына жиналып, Қазақстан халқына арнайы құттықтау жолдады!» — делінген елшілік хабарламасында.

Еске салайық, қазақстандықтар бүгін Конституция күнін атап өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мереке ерекше саяси мәнге ие болып отырғанын, өйткені жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтар елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды мақұлдағанын атап өтті.