«Доллардың көмегі»: Ерке Есмахан сұлулығының құпиясымен бөлісті

0

Әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап беріп, түрлі тақырыптарға қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі өз сұлулығының құпиясын ашып, ғашықтық жайлы сыр шертті, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Ерке Есмахан өзінің сырт келбетінің тартымдылығы жайлы сұраған жандарға қысқа да нұсқа жауап берді. Ол сұлу болуының құпиясы неде екенін ашып айтты. «Сұлулығымның сыры ішкі жан дүниемнің тазалығында және осы доллардың көмегі», — деп жазды ол.

Оған қоса әртіске болашақ күйеуіне қатысты сауалдар да қойылды. Өнер иесі отағасының бойындағы қасиеттерді санап отырмайтынын жеткізді. «Ғашық болу бір тылсым күш қой. Сүйген жанның минустарын жақсы көріп тұрасың. Сүймегеннің плюстары да ұнамай тұрады. Сондықтан қасиеттерін санап отырмаймын. Жүрекпен сезем барлығын», — деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның Павлодарда өткен концертінде қызықты жағдай орын алғанын жазған болатынбыз. 16 жастағы жігіт сахнаға шығып, көпшілік алдында әнші аруға сөз салған еді.