Домой Жаңалықтар Жазира Байырбекова Англияға қазақ қызын ұзатты (Видео)

Жазира Байырбекова Англияға қазақ қызын ұзатты (Видео)

0
18918

Желіде белгілі әнші Жазира Байырбекова қазақ қызын шетелдікке ұзатқан видеосы тарап жатыр деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

Қазақ қызының шетелдікке шыққанына еті үйренген халық та, бұл жолы бейнежазбаның астына жағымды пікірлер қалдыруда. Әсіресе, сымбатты күйеу жігіттің қызға қарағаны, қызды алып шыққаны оқырмандардың көңілінен шығуда. Олар: «Күйеу бала сондай бақытты болып тұр, красавчик екен», «Құдағиларға оюлы шапан кигізіп қойыпты», «Павел галантный» деп пікір қалдыруда.

Оқырман қызығушылық танытқаннан кейін, ұзатылып жатқан Ақмаралдың әкесіне хабарластық.

» Біз Семейдің тумаларымыз. Арғындарбыз. Әйелім дәрігер, мен биолог. Қызымыз Англияда оқуын бітіріп, сол жерде жұмыс жасауда. Павелмен оқуға барғанда, 8 жыл бұрын танысқан. Құдалар Сверловск қаласының тумалары. Ұлты  — еврейлер. Англияда бизнес бастап, сол жақтың азаматтығын алған. Дәрігерлер. Құдалармен танысқанда, өздері қазақтың салтымен келіп, аяққа жығылып, сырға салып, ұзатып алып кетеміз деді. Біздің ұлтымызды сыйлып, сөздерінде тұрды. Енді, балаларымызға бақыт тілейміз. Балалар Лондонда тұрады, батамызды бердік» -дейді Ермек ағай.