Қазақстандағы OLIMPBET бәйгесі чемпионатының ІІ кезеңі Ақтөбеде аншлагпен өтті

0

Ақтөбеде өткен жарыста 16 миллион теңге ұтыс ойыны ойнатылды.

Биыл республика тарихында тұңғыш рет бәйгеден Қазақстан чемпионаты – OLIMPBET өтуде. 5 кезеңге және финалға бөлінген дүбірлі дода (Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Нұр-Сұлтан) жанкүйерлердің көңілінен шығып үлгерді. Жүлде қоры 100 миллион теңгеден асатын чемпионаттың бірінші кезеңі Алматыда өткен. Ал енді келесі кезекте ат спортының даңқты дәстүрлерімен танылған Ақтөбе қаласында жалғасын таппақ.

Тарихқа көз жүгіртсек, мұнд бәйгеге қашанда ерекше көңіл бөлінген, бұл жолы аптап ыстыққа қарамастан ипподром іші лық толы болды. Ақтөбеге Қазақстанның батыс өңірлерінен көптеген қатысушылар мен олардың жанкүйерлері келді. Дебюдтік шабыс алдында қонақтарға би ұжымдарының, музыканттардың және басқа да өнер қайраткерлерінің қойылымдары шабыт сыйлады.

Кестеде Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге бойынша өткен сайыс нәтижелері көрсетілген. «Қаршыға» атты сәйгүлік мінген жүйрік Иман Ахметов стартта алға шыққан бәйгенің соңына дейін оны сақтап қалғанын айта кетейік. Бұған дейін ол «Ақ жұлдыз» тұлпарына мініп, Құнан бәйгеде мәреге үшінші болып келген. Ұйымдастырушылар бұл 2022 жылдың 15 қазанында Алматыда өтетін финалда жеңіске жету үшін маңызды қадам екеніне сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, OLIMPBET Қазақстан бәйге чемпионатының барлық 5 кезеңінде бірінші орындарға ие болғандар 2 миллионнан 4 миллион теңгеге дейін, финал жеңімпаздары 3 миллион теңгеден 6 миллион теңгеге дейін алады. Ал екінші орыннан бесінші орынға дейінгі жеңімпаздар әр кезеңде және финалда 100 мыңнан 2,2 миллион теңгеге дейін ұтысқа ие болады.

Бәйгеден Қазақстан Чемпионатының келесі, ІІІ кезеңі – OLIMPBET 13 тамызда Қостанай қаласында өтеді.

Бәйге бойынша Қазақстан кубогы кезеңдерінің кестесі — OLIMPBET:
13.08.2022, Қостанай — III кезең
09.03.2022, Павлодар – IV кезең
24.09.2022, Нұр-Сұлтан — V кезең
15.10.2022, Алматы – финал