Димаштың Краснодардағы концертінде балет билеген тыңдарман жұртты күлдірді (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің Ресейдің Краснодар қаласында өткен концертінде ән сүйер азамат өзінің биімен елдің ішек-сілесін қатырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

биші

Еске салайық, Димаштың ән-шашу кезі 16 ақпанда өткен болатын. Оның концертіне Ресей халқы елдің түкпір-түкіпірінен жиналыпты. Дүркіретіп өткізілген «Арнау» концерттік бағдарламасы Мәскеу мен бірқатар Еуропа қалаларында жалғасын таппақ. 

Бейнежазбада әлдебір ер азаматтың әншінің өнеріне қарық болғаны сонша, балет билет жібергені байқалады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жайтты жарыса талқылап жатты. 

«Димаш бұл тыңдарманды тебірентіп жіберген ғой», «Нағыз ән сүйер азамат», – деген сияқты пікірлер қалдырыпты желі қолданушылары. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз