Көкшетауда шырт ұйқыда жатқан 120 адамды құтқарушылар оятты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Көкшетау тұрғыны отбасылық жанжал кезінде әйелін жаралап, үйін өртеп, терезеден секіріп кетті. Ол ауруханада көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Көкшетауда отбасылық жанжалдан кейін бес қабатты жатақхана тұрғындары абыр-сабыр күй кешті. Құтқарушылар шырт ұйқыда жатқан 120 адамды оятып, сыртқа шығарған.

Әйелімен жанжалдасып қалған 35 жастағы жігіт пышаққа ұмтылған. Өзін де, әйелін де жаралапты. Онымен қоймай, төртінші қабаттағы пәтеріне өрт қойып, өзі терезеден секіріп кеткен. Құтқарушылар келгенше, жалын үдеп кеткен, деп хабарлады КТК.

«Өлтіремін дейді»: Күйеуі өртеген әйелдің анасы трагедияға не себеп болғанын айтты

Тұрғындарды сыртқа шығарып, жедел құтқару жұмыстарын жүргізуге тура келді. 30 адам автосатымен терезеден түсірілген. Түн ішінде жұртты дүрліктіріп төтенше жағдай туғызған жігіт ауруханада көз жұмды. Оның әйелі және ыс тиген басқа 5 адам қазір ем алып жатыр. Тұрғындардың бірі – 46 жастағы әйелдің жағдайы ауыр.

Полиция болған оқиғаға қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғады.

«Өзін жаралап, пәтеріне өрт қойған азамат құтқару қызметі келгенге дейін терезеден секіріп кеткен. Болжам бойынша, бұл – тұрмыстық кикілжіңнен болған жағдай. Өрттің нақты неден тұтанғаны тексеріліп жатыр», — дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы Денис Шелкоплясов.  



sputniknews.kz