Димаш Құдайберген Дубайда ән кешін өткізбек

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген наурыз айында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында жеке ән кешін өткізбек, деп хабарлайды кznews.kz сайты.

Димаштың әкесі Қанат Айтбаев өз Facebook парақшасында Дубайда өтетін концерттің афишасын жариялады.

Ән кеші 2022 жылдың 25 наурызында, Дубайдағы Coca-Cola аренасында өтеді.