Жару, ату: еліміздегі террористік әрекеттер хроникасы

0

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде елімізде көпшілікті қатты үрейлендірген «митинг» деп  басталған көтеріліс соңы «террорлық әрекетпен» аяқталды.  Алматы, Атырау, Жамбыл облысы, Қызылорда, Ақтөбе, Семей, Шымкент қалаларындағы әкімдіктердің ғимаратын басып алды.

Бұл оқиғаны сапаршылар АҚШ-та орын алған шабуылмен салыстырды.

Қазақстанның оңтүстік астанасы болып саналатын Алматыдағы жағдай елді дүрліктірді. 5 қаңтар күні қала орталығына 20 мыңдаған адам жиналған. Әкімдік ғимаратына шабуыл жасап, ғимаратқа ене алды. Олар жақсы қаруланған. Ғимараттар өртенді, мүліктер ұрланды, жазықсыз жандар өмірмен қоштасты. Тек әкімдік емес, телеарналар, Алматы әуежайы, ауруханаларды, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарына шабуыл ұйымдастырған. 160- тан аса адам қайтыс болды, ал жалпы елдегі шығын көлемі 100 млрд асты.

8-9 қаңтарды жағдай тұрақтала бастады. Елде төтенше жағдай біткенше қала тұрғындары тек мұқтаж болған жұмыстарын атқарды, қалған уақытта қауіпсіз жерде, үйлерінде отырды.

Террорлық шабуылдың бұл алғашқысы емес еді.

-2011 жылы Ақтөбедегі оқиғаны терролық шабуыл деп таниды. Айта кетейік, ол кезде: Рахымжан Махатов өзін бомбамен жарып, сол жарылыс салдарынан 3 адам зардап шекті.

-2011 жылы қазан айында Атырауда мемлекеттік мекемелер жанында, одан соң үй ауласында бомбалар жарылды. Бұл істі «Халифат сарбаздары» террористік топ өз мойына алып, сотталды.

-2011 жылы 8 қарашада Алматы да 2 адамға оқ атылды.

-2011 жылы 12 қарашада шабуыл болып нәтижесінде 5 құқық қорғау қызметкері және 2 бейбіт тұрғын қаза болды.

-2012 жылы тамызда Ұлттық паркте қырғын болды. Террористік 12 адамның өмірін қиды.

— 2012 жылы тамызда тағы Алматы қаласының шетінде жарылыс болды. Террористер бомбаны дұрыс пайдаланбағандықтан өздері отбасымен бірге 9 адам қаза тапты.

-2012 жылы Атырауда жарылыс болып 1 адам қаза тапты.

Террористерге қарсы әрекет болып 5 содыр қаза тапты.

-2016 жылы маусымда Ақтөбе отқа оранды. 4 бейбіт тұрғын,3 әскери қызметкер, 18 экстремист қайтыс болды. Ақтөбеде террористік -қызыл деңгей, басқа қалаларда -40 күн сары деңгей болды.

-2016 жылы шілде де Алматыда Руслан Күлекбаев  кездесоқ өтіп бара жатқан адамдарды атып, содан кейін полицейлерге оқ атқан. Алматы қаласында қызыл деңгей жарияланды. 8 полиция қызметкерлері, 2 азамат қаза тапты. Ондаған адамды өлтірген Руслан Күлекбаевты батыр-полицей атты, жарақаты салдарынан ауруханада өмірмен қоштасты.

Әрбір террористік әрекет салдары еліміздің барлық жағынан дамуына өз кедергісін келтіруде. Материалдық шығыннан бөлек адам шығыны көңілімізді түсіреді.

Әр уақытта да тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз аман,  бірлікте болуын тілейміз. Бұл террористік әрекеттер болсын, басқа да жаман пиғылды іс-әрекеттер біздің елді, халықты, мемлекетті одан әрі мықты болып қалыптасуы үшін шыңдамаса, сындыра алмайды деп сенеміз.

Ақарман ҚҰДАЙБЕРГЕН

Kznews.kz ақпараттық порталы