Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі мұқтаж отбасыларға бес тонна азық-түлік жіберді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш

Әншінің ізгі амалы туралы облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев мәлімдеді.

«Димаш игі іс жасап, елордалық және ақтөбелік отбасыларға бес тонна азық — түлік жөнелтті», — деп жазды Кенжалиев.

Оның айтуынша, 100 отбасыға көмек көрсетілген.

«Міне, шынында игі істер осылай жасалады: жариялылықсыз, тыныш, тек жанның қалауымен және жүректің түкпірінен», — деді Димаштың Eurasian Fan Club фан-клубы.

Бұған дейін Димаш барлық қазақстандықтарды коронавирус пандемиясы кезінде үйде қалуға шақырды. Ал өзі қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында, уақытын отбасымен бірге өткізіп жатыр.

Әнші Arnau Tour әлемдік турнесін кейінге қалдырды. Тыңдаушылар «карантиндегі жұлдыз» онлайн-жобасы арқылы Димаштың әнін тыңдай алады.



stan.kz