Білім министрлігі телеарнадағы сабақтар неге 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Білім және ғылым виц-министрі Шолпан Каринова оқушыларға арналған телесабақтардың неге үйреншікті 45 минуттың орнына 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

телесабақ

Шолпан Каринова бейнесабақты көргеннен кейін оқушы өз бетінше жұмыс істеу үшін белгілі бір тапсырмалар алатынын айтты.

«Бұл оқулықтардың параграфтары. Оқулықтың құрылымы сондай, материал беріледі, содан кейін — өткен тақырыпты бекіту үшін бірнеше материал бар. Бұл жаттығулар, есептер, тесттер, бақылау және т.б. Педагогтар мұны жақсы біледі. Сондықтан сабақ тек 10 минуттық бейнеден тұрады. Көргеннен кейін мұғалім оқушыдан қалай орындағанын және материалдың қай жерін түсінбегенін сұрайды», — деді Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, мұғалім кез келген сабақты дайындауға шығармашылықпен қарайды.
«Қарап шыққаннан кейін мұғалім біздің оқушылармен жеке жұмыс істейді. Сонымен қатар, мұғалімдер де бұған дайындалған платформаларда қол жетімді цифрлық білім беру ресурстарына сілтемелер бере алады. Басқа ресурстарда да көптеген сілтемелер бар», — деп түсіндірді вице-министр.

Еске сала кетейік, 6 сәуірден 1-11 сынып оқушыларына сабақ телеарналардан өткізіле бастады.

stan.kz