ДДҰ: Коронавирус әуе арқылы берілмейді — Қазақстан жаңалықтары

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус әуе арқылы берілмейді деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Коронавирус жұқтырған адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде пайда болатын тамшылар арқылы өтеді», — делінген ДДҰ-ның ресми твиттерінде.

Осылайша, ДДСҰ мәліметі бойынша, вирус ауада өмір сүрмейді. Сондықтан өзіңізді қорғау үшін бір-бірінен бір метр қашықтықты сақтау керек, үнемі беттерді зарарсыздандыру, қолды жуу, көзге, мұрынға және ауызға қол тигізбеу керек.

stan.kz