Қазақстанда тағы бес адам ауырып қалды

0

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде 348 адам коронавирус жұқтырды, 24 адам жазылып шықты, 2 адам қайтыс болды  

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 348 адамға жетті, деп хабарлады жедел штаб.

Қауіпті инфекцияны Түркістан облысында төрт, Шымкент қаласында бір адам жұқтырды.

Қазақстанның қалалары мен өңірлерінде қанша адам індетке шалдықты

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 178,
  • Алматы қаласы – 82,
  • Шымкент қаласы – 3,
  • Ақмола облысы – 10,
  • Ақтөбе облысы – 3,
  • Алматы облысы – 8,
  • Атырау облысы – 16,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 13,
  • Қызылорда облысы – 18,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 3,
  • Түркістан облысы – 5.

Соңғы мәлімет бойынша, 24 адам жазылып шықты, 2 адам қайтыс болды.  



sputniknews.kz