ДДСҰ әлемде тағы бір локдаун болуы мүмкін екенін ескертті

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресейдегі ресми өкілі Мелита Вуйнович коронавирустың «дельта-плюс» штамы локдаунның тағы бір толқынын тудыруы мүмкін деп мәлімдеді, — деп хабарлайды РБК.

«Вакцинацияға қоса маска режимі, өйткені «дельтаға» вакцина жеткіліксіз. Қазір қысқа уақыт ішінде осыған күш салу керек, әйтпесе локдаун», — деді Вуйнович «Соловьев Live» YouTube-арнасының эфирінде.

Оның айтуынша, вакцинация қажет. Өйткені ол вирустың таралуын және аурудың ауыр өту мүмкіндігін азайтады.

«Тек ұжымдық иммунитет пен вирустың тарауын тежеу. Бұл тіпті азайту (вирустың тарауын — ескерт.) үшін қосымша шаралар қажет болады дегенді білдіреді», — деді ДДҰ өкілі.

Вуйнович «дельта-плюс» штамымен байланысты жағдай алаңдатарлық екенін айтты. Себебі, вирус тез таралады.

«Дельта» штамы көп жасушаға әсер етеді. Адам көп адамға жұқтыруы мүмкін және өте тез. … Әлі шыңы болған жоқ, вирус жылдам тарап барады», — деп қорытындылады ол.

Үндістанда «дельта» штамы былтыр қазанда табылған болатын. Штамм бүкіл әлемге таралды, оның ішінде ол Қазақстанда да анықталды. 20 маусымда Үндістан билігі «дельта-плюс» деп аталатын «дельта» штамының мутациясы анықталғанын хабарлады. Жаңа штамм бұрынғыға қарағанда тез таралады. Сондай-ақ, ғалымдар «дельта-плюс» антиденелер жасаған қорғанысты жеңе алатынын мойындады.