Kaspi.kz суперқосымшасында теміржол билеттері

0
164

Kaspi.kz ҚТЖ-мен бірге жаңа сервисті іске қосты – т/ж билеттерін Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн сатып алуға болады. Билет құнын Kaspi Gold-пен, несиеге сондай-ақ Kaspi Бонустармен толық немесе жартылай төлеуге болады.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе:

«Біз сүйікті клиенттеріміз үшін бүкіл Қазақстан бойынша пойыздарға билетті онлайн сатып алу мүмкіндігін қосқанымызға қуаныштымыз. Енді біздің қосымшамыздың Kaspi Travel бөлімінде әуебилеттеріне қосымша т/ж билеттерін де онлайн, жылдам, оңай сатып алуға болады. Осы сервисті іске қосуға қатысқан әрбір адамға алғыс айтамын. Біздің клиенттерімізге қауіпсіз, ыңғайлы сапар тілеймін».

«Біз Қазақстанда пойызбен саяхаттау қарапайым және ыңғайлы болғанын қалаймыз. Сондықтан тұрақты түрде сервисті жақсартумен айналысамыз, цифрлық қызметтерді енгіземіз. Жақында біз ҚТЖ мен Kaspi.kz-тің IT жүйелерін ықпалдастырдық, енді біздің жолаушыларымызға үйден шықпай-ақ пойызға билет сатып алу оңай бола түсті. Бұл клиенттерге пайдалы әрі қолайлы жағдай жасау үшін компаниялар серіктестігінің тамаша үлгісі», – деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Петер Штурм.

Kaspi.kz суперқосымшасын 10 миллионам астам қазақстандық пайдаланады. Қосымшаның айналасында ыңғайлы қызметтердің тұтас экожүйесі қалыптасты – тиімді зат сатып алу, төлемдер, билеттер алу және тағы басқалары.

Өткен жылы Kaspi.kz саяхатшылар үшін арнайы Kaspi Travel сервисін іске қосты, оның көмегімен қазақстандықтар жылдам әрі тиімді әуебилеттерін сатып алады. Енді дәл осылай теміржол арқылы сапарды оңай әрі қарапайым жоспарлап және жолақысын төлеуге болады.