Дәрігер қартаюды баяулататын дәруменді атады

0
30
Сурет: silviarita

К дәруменінің тапшылығы қартаю процесін жылдамдатады, деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Бұл туралы М.Ф. Владимирский МОНИКИ тамақтану орталығы жетекшісінің орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Инна Пичугина айтты.

Оның сөзінше, К дәрумені аз болса, ағзада интерлейкин төмендеп, иммундық жүйе әлсірейді. Салдарынан қартаю процесі тез жүре бастайды.  Диетолог К витамині майда ериді деп отыр. Ол ақуыз синтезі мен қан ұю жұмысына қатысады.

Одан бөлек, бүйрек дұрыс жұмыс істеуі үшін де керек. Кальций мен Д витаминінің байланысы үшін де маңызды. Демек, сүйек жүйесі мен байланыстыратын тіндерге қажет. Балалар қаңқасының дамуына, ал егде жастағы адамдарда остеопороздан қорғауға септеседі.

К витамині орамжапырақ, салат сынды негізінен жасыл түсті өнімдерде бар. Сондай-ақ бауырда да болады.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету