19 мысықпен бірген тұрған: Мысықтардың тамағын жеп күн көрген «Маугли қыз» табылды

0

Мәскеу облысының Талдом қаласында «кис-киске» атанып кеткен  3-4 жастағы қыз табылды. Ол 19 мысықтың арасында өмір сүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігінің Мәскеу облысы бойынша департаменті хабарлайды.

Прокуратураның хабарлауынша, қызды полицейлер күдікті ер адамның артынан үйге кірген кезде тапқан. Ер адам қыз баланы өзіне анасы тапсырғанын, оның сана-сезімі «дамымағандықтан» ауруханаға апарудан бас тартқан деп түсіндірді.

Басқа мәліметтер бойынша, антисанитариялық жағдай орын алған бөлмеде қыздың өзінің анасы да болған. Бала, куәгерлердің айтуынша, мысықтардың тамағын жеген, ал үйде 19 мысық болған.

Маугли қыздың анасы қызын не себепті тастап кеткенін түсіндірді. Оның айтуынша, бір кездері қызы айтқанын орындамай ашуландырған екен. Әйел кінәсін мойындап, өз әрекетін жаман әрі жиіркенішті деп атады.

Ол қызды балалар үйіне жіберу туралы ойы болғанын, бірақ таныстары оны өткізбейге кеңес бергенін айтты. Бұған дейін әйел қыз баланы психиатриялық ауруханадан қорғау үшін құрбысына берген.

Анасының өзі Молдова тумасы, Мәскеуде үлкен 11 жасар қызымен бірге тұрады. Ол екінші қызын 2018 жылы Талдомда құрбысына тәрбиелеуге беріп, аптасына бір рет оған қонаққа келіп тұрған.

«Қызды денсаулық сақтау мекемесіне жеткізді. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау туралы Федералдық заңды бұзу фактісі бойынша тексеру жүргізіледі», — деп хабарлайды Мәскеу облысы прокуратурасының сайты.