Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпион атанды

0

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы IBF Inter-Continental белбеуін иеленді. Бұл оның кәсіби карьерасындағы оныншы жекпе-жегі болды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтың қарсыласы бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, намбиялық Джулиус Индонго болды. Голливудте өткен жекпе-жек Елеусіновтің мерзімнен бұрын жеңіске жетуімен аяқталды. Ол бірінші раундта қарсыласын нокдаунға, екіншісінде нокаутқа түсірді.

Данияр Елеусінов кәсіби карьерасында оныншы рет жеңіске жетіп, алғаш рет чемпиондық белбеу иеленді. Ал қарсыласы Джулиус Индонго үшінші рет жеңілді.