Коронавирустың адам денесінде қанша уақыт сақталатыны белгілі болды

0
20
Advertisement

«Ланцет» ғылыми журналында коронавирус инфекциясы жайында 79 ғылыми еңбек негізінде жүргізілген зерттеулер қорытындысы жарияланды. Ғалымдар COVID-19 жұқтырғаннан кейін адам ағзасында орта есеппен қанша уақыт сақталатынын зерттеген.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Нәтижелер келесідей:
■ Жоғарғы тыныс жолдарында вирус 17 күн «өмір сүреді».
■ Өкпеде -14,6 күн.
■ Нәжісті талдауында -17,2 күн.
■ Қан анализінде -16,6 күн.

Алайда, кейбір жағдайларда вирустың сақталу ұзақтығы орташа көрсеткіштен едәуір асып кетеді.

Зерттеу нәтижелері нені білдіреді? Біріншіден, ғалымдар ПТР-тестінің оң нәтижесі аурудың нақты ағымымен байланысы туралы толық түсінік алды.

«Бұл зерттеу адамдардың өздері жұқтырғаннан кейін бірден жұқпалы болатындығын көрсетеді – COVID-19 әсіресе ауру белгілерінің басталуы мен жұқтырғаннан кейінгі бесінші күн арасындағы кезеңде аса белсенді», – дейді зерттеу авторларының бірі доктор Муге Чевик.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, санитариялық дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындау маңыздылығы артады – өйткені симптомсыз коронавирусқа шалдыққан болсаңызда айналаңыздағыларға қауіпті болып қала бересіз.