Далада боран соғып тұрса, жұмыстан ерте кетуге бола ма – министрліктің жауабы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

40 0 0

Еңбек заңнамасында қыста ауа райы қандай болған кезде жұмысты тоқтату керек екені нақты жазылмаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Жұмыс берушілер ауа райының қолайсыздығына байланысты «қысқа күн» енгізе алады. Бұл еңбек тәртібінің ережелерінде қарастырылады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға еңбек және халықты қорғау министрлігінен мәлімдеді.

Жұмыстан қай уақытта ерте кетуге болады

Министрліктің ақпаратынша, еңбек заңнамасында ауа райы қандай болған кезде жұмыс берушілер жұмысты тоқтатуға міндетті екені нақты жазылмаған.

Жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жылытылмайтын жабық үй-жайларда жұмыс істеу мәселесі Еңбек кодексінің 82-бабымен реттеледі.

«Жылдың суық немесе ыстық мезгілінде ашық ауада, жылытылмайтын жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатындарға жылынуға немесе салқындауға, тынығуға арнайы үзіліс беріледі. Бұл үзіліс жұмыс уақытына қосылады», – делінген ведомствоның жауабында.

Министрліктен нақтылағандай, жұмыс беруші жұмысшылардың жылынуына, салқындауына және тынығуына арналған үй-жайларды жабдықтауға міндетті.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

«Жұмыс беруші ауа райына байланысты жұмыс уақытын қысқарту және жұмыс күнінің ұзақтығын еңбек тәртібінің ережелерінде қарастыра алады», – деп атап өтті ведомстводан.

Егер жұмыс беруші жұмысшыға қатысты тәртіптік жаза қолданғысы келсе, онда одан жазбаша түсініктеме алуы тиіс.

«Осы түсініктеме негізінде жұмыс беруші қарамағындағы қызметкерінің дисциплинарлық әрекеті қаншалықты орынды-орынсыз екенін анықтайды», – деді министрліктен.

Жұмысқа бармағандар не істеуі керек

Боранға байланысты жұмысына бара алмағандар «Қазгидрометтен» ауа райының қолайсыздығы туралы анықтама алып, басшылығына көрсетуіне болады. Бұл туралы бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, жақын арада Қазақстанда жауын-шашын тоқтап, күн 20-30 градусқа дейін суытады.

Құтқарушылар астаналықтар үшін жұмыс күнін қысқартуды сұрады. Коммуналдық қызметтер, полицейлер мен дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз