Қазақстан Қытаймен теміржол қатынасын уақытша тоқтатпақ

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстан темір жолдарында коронавирусқа қарсы шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды компания

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Қытайда коронавирус індетінің таралуына байланысты дер кезінде алдын алу шараларын қабылдауда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында  №103/104 «Үрумші – Алматы-2» және №13-54/14-53 «Алматы-2 — Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Үрумші» екі жолаушылар пойызы қатынайды.

«Елімізде вирустың таралуына жол бермеу мақсатында Достық және Алтынкөл станцияларына келген пойыз жолаушылары мен бригада қызметкерлерін қазақстандық санитарлық қызметі тексерістен өткізеді. Олар тепловизор арқылы жол жүрушілердің жағдайын тексеріп, қалдарын біледі. Содан кейін ғана жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлеріне шекаралық және кедендік тексерістер жүргізіледі», — делінген ақпаратта.

Ұлттық тасымалдаушымен жолсеріктермен тұрақты негізде нұсқалықтар өткізіліп, ауырып қалған жолаушыны анықтау кезінде пойыз бастығының іс-әрекетін регламенттейтін, жолаушылар немесе пойыз бригадасы қызметкерінің коронавируспен ауырып қалуы күдігі немесе анықталған кезінде жолаушылар пойызы бастығы үшін нұсқаулық әзірленді.

Жолаушылар пойызының қозғалысы кезінде жолаушылар мен қызмет көрсету персоналының коронавируспен ауырып қалуы күдігінде жолаушылар пойызының бастығы жедел түрде пойыз машинисі арқылы медициналық пункт орналасқан станцияның кезекшісін немесе вокзал бойынша кезекшіні ақпараттандыруы керек.

Пойыздың тоқтау пунктіне келуіне дейін ол алғашқы індеткеқарсы шараларды (ауруды өзге жолаушылардан бөлектеу, ауру жолаушы орналасқан вагон бойынша адамдардың қозғалысына тыйым салу, әрбір 30 минут сайын шәй ыдыстарын, еденді, санитарлық торапты және өзгелеріне дезинфекция жүргізу) өткізуге міндетті.

Бүгінгі таңда, уәкілетті органмен келісімі бойынша аталған пойыздардың уақытша тоқтатылуы жөніндегі рәсімдер өткізілуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен Алматы және Нұр – Сұлтан қалаларында нұсқаулықтар өткізілді. Сондай-ақ пойыз бригадаларының қызметкерлері тыныс алу маскаларымен жабдықталған және оларды үнемі тағып жүру туралы ескертілген.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен багаж бен қол жүгін алып жүруге бақылау күшейтілген.



sputniknews.kz